Көп сатылы дроссельдеудің айналмадағы қайтымсыз шығындарға әсері

Қысу дәрежесі немесе температура айырымы (Тк-Т0) өскен сайын дроссельдік шығындардың көбейетіндігін жоғарыда атап өткен едік. Енді соған толығырақ тоқталайық. 37- суретте (1-2-3-4) бір сатылы айналма келтірілген.

Бұл айналмада дроссельдеу үрдесінен басқа проценттердің барлығы қайтымды болып есептелінеді. Дроссельдеу үрдісіне байланысты қайтымсыз шығындар 4-k-3-в ауданымен анықталады. Айналмада в-4 кесіндісі дроссельдегенде пайда болатын будың мөлшерін анықтайды. Бұл бу буландырғышта суытылатын денеден жылу алмайды, ал оны сығымдағышта қысуға жұмыс жұмсалады. Сонымен қатар бұл бу буландырғышта жылу алмасу процесін төмендетіп, шығындарды көбейтеді. Температура айырымы неғұрлым көп болса, дроссельдегенде соғұрлым көп бу пайда болады, демек оны қысуға жұмсалатын жұмыс та көбейеді.

37- сурет. Көп сатылы дроссельдеудің T-S диаграммасы

Сондықтан дроссельдегенде температура айырымы (Тк-Т0) аз болса пайда болатын бу да, оны қысуға жұмсалатын жұмыс та аз болады. Дроссельдеу процессін сұйылу қысымынан (Рк) қайнау қысымына (Р0) дейін бөліп-бөліп жүргізсе дроссельдік шығындар азаяды. Әр дроссельдеу үрдісінде пайда болған буды сығымдағышпен сорып алып отырса, қысуға жұмсалған жұмыс та азаяды. Қарастырып отырған 1-2-3-4 айналмада қайтымсыз дроссельдік шығындар 4-k-3-в ауданына сәйкес анықталады. Сұйылу қысымынан қайнау қысымына дейін дроссельдеуді бірте-бірте екі бөліп қарастырып көрейік (3-d -үрдісі бірінші дроссельдеу, а-7–екінші дроссельдеу). Бірінші рет дроссельдегенде (Ра-қысымға дейін) пайда болатын бу а-d кесіндісімен анықталынады. Құрғақтық дәрежесі –хd. Осы бу сығымдағышпен сорып алынады. 3-d дроссельдеу үрдісінің шығыны d-e-3-a ауданына сәйкес анықталады. Бірінші дроссельдеуден қалған сұйық (1-хd) кг аралық қысымның (Ра) қайнау қысымына дейін екінші рет дроссельденеді (а-7 үрдісі). Пайда болған бу в-7 - кескінімен анықталады. Құрғақтық дәрежесі-х7. Екінші дроссельдеудің қайтымсыз шығыны 7-с-a-b ауданына сәйкес анықталады. Сонымен екі рет дроссельдегендегі қайтымсыз шығындар:



; 1

Бір рет дроссельдегендегі шығын дроссельдік қайтымсыз шағындардан аз болады:

Екі сатылы дроссельдеуге өткенде дроссельдік шығындар (4-k-e-d-c-7-4) ауданға сәйкес азаяды да, қысуға жұмсалған жұмыс та, буландырғыштағы жылуалмасу үрдісінің шығыны да азаяды. Олай болса көп сатылы дроссельдеуге өту әрқашан тиімді.


3420455492762305.html
3420509022690756.html
    PR.RU™